Көзге арналған тамшылар, қаптамасы кемінде 0,3 % – 5 мл.
Құрамы
Препараттың 1 мл құрамында:
белсенді зат – тобрамицин 3,0 мг;
қосымша заттар: бор қышқылы, сусыз натрий сульфаты, натрий хлориді, тилоксапол, бензалконий хлориді, рН түзету үшін натрий гидроксиді және/немесе күкірт қышқылы, тазартылған су.
Тауардың сапасы мен сақтау мерзімі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжаттардың барлық нормалары мен талаптарына сәйкес болуы тиіс.