Көзге арналған тамшылар, қаптамасы кемінде 0,3 % – 5 мл.
Дәрілік препараттың құрамы
Препараттың 1 мл құрамында:
белсенді зат – ципрофлоксацин гидрохлориді 3,5 мг (ципрофлоксацинге шаққанда 3,0 мг);
қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдета́т, маннитол, мұз қышқылы (ацетат қышқылы), сусыз натрий ацетаты, 5 М тұз қышқылы немесе 5 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Тауардың сапасы мен сақтау мерзімі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжаттардың барлық нормалары мен талаптарына сәйкес болуы тиіс.