Ауыз қуысына арналған спрей, қаптамасы кемінде 30 мл.
Дәрілік препараттың құрамы
Бір баллон (30 г) құрамында:
белсенді заттар:
ерітінді күйіндегі стрептоцид – 0,750 г,
сульфатиазол натрий гексагидраты – 0,750 г;
қосымша заттар: тазартылған су, глицерин, 96 % этил спирті, сахароза, полисорбат 80, тимол, эвкалипт майы, жалбыз майы.
Тауардың сапасы мен сақтау мерзімі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжаттардың барлық нормалары мен талаптарына сәйкес болуы тиіс.