Арнаулы киімді сапалы жуу және өңдеуді қамтамасыз ету, оны полиэтилен пакеттерге орау. Арнаулы киімді өңдеу, жуу және сақтау санитариялық нормалар мен талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Орындаушы берген түбіртек негізінде, Тапсырыс беруші көрсеткен көлемде арнаулы киімді қабылдау және беру. Арнаулы киімнің сақталуын қамтамасыз ету, арнаулы киім жоғалған немесе бүлінген жағдайда жоғалған немесе бүлінген әрбір бірлікті қалпына келтіру. Арнаулы киім сапасыз жуылған жағдайда, ол Орындаушының есебінен қайта өңделеді. Жұмыстарды орындау мерзімі — түбіртекте көрсетілген қабылдау күнінен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн.
Міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, Тапсырыс берушіні дереу хабардар ету. Арнаулы киімді өңдеу және жуу құны 1 (бір) килограмм арнаулы киім үшін 1200 (бір мың екі жүз) теңге мөлшерінде белгіленеді және салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша шығыстарды қамтиды.