Техникалық сипаттама Сатып алу нысаны: Төменгі мұздатқыш камерасы бар тұрмыстық тоңазытқыш. 1. Түпнұсқалық қойылатын талаптар • Өнім жаңа, бұрын пайдаланылмаған және қалпына келтірілмеген болуы тиіс. • Зауыттық сериялық нөмірі корпуста және қорапта көрсетіліп, құжаттардағы нөмірлермен сәйкес болуы тиіс. • Өнім Қазақстан Республикасының аумағына ресми түрде әкелінген және/немесе дистрибьютор арқылы жеткізілген болуы керек. • Қазақстан аумағында авторизацияланған сервис орталықтарының болуы. 2.Сертификаттау және құжаттар • ЕАЭО техникалық регламенттерінің (төмен вольтті жабдықтың қауіпсіздігі және электромагниттік үйлесімділік жөнінде) талаптарына сәйкестігін растайтын жарамды құжаттардың көшірмелері. •Сәйкестік декларациясы немесе сертификатының көшірмесі
міндетті түрде ұсынылуы керек. • Пайдалану нұсқаулығы орыс тілінде (қаласаңыз қазақ тілінде де). Кепілдік талоны. 3. Минималды техникалық сипаттамалар •
Түрі: екі камералы, төменгі мұздатқыш камерасы бар. • Жалпы пайдалы көлемі: кемінде 310 литр (тоңазытқыш камерасы ≈212 л, мұздатқыш ≈98 л). • Салқындату жүйесі: толық No Frost (мұз қатпайтын жүйе). • Компрессор: инверторлы (Digital Inverter Compressor). • Шу деңгейі: ең көп дегенде 39 дБ. •Энергия тиімділігі класы: кемінде A+ (немесе қолданыстағы шкала бойынша баламасы). • Өлшемдері (Б×Е×Т): шамамен 1850 × 595 × 668 мм (аздаған ауытқу рұқсат етіледі). •
Есіктер: кері ілінетін (перенавешиваемые). • Басқару:электронды, дисплейі бар. • Сөрелер: шыңдалған әйнектен,Easy Slide сөремен. • Салқын аймақ: бар, мұздатқышта 3
тартпалы жәшік. • Қызметтері: есік ашық қалғанда дабыл беру, «Демалыс» режимі. • Суытқыш зат: R600a (изобутан). • Қуат көзі: 220–240 В, 50 Гц. • Түсі: СҰР.