ЛОРАТАЛ. Халықаралық патенттелмеген атауы Лоратадин. Дәрілік түрі 10 мг таблеткалар. Құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 10.00 мг лоратадин,қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, магний стеараты. Сипаттамасы:Бір жағында өз ара сызықпен бөлінген «10» және «mg» таңбасы бар, екінші жағында «NOBEL» таңбасы бар, біртекті, ақ түсті, сопақша пішінді таблеткалар. Фармакотерапиялық тобы Жүйелі әсер ететін антигистаминді препараттар. Жүйелі әсер ететін басқа антигистаминді препараттар. Лоратадин АТХ коды R06AX13. Поливинилхлоридті үлбірден және баспаланған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші - фирма голограммасы бар картон қорапшаға салынған. Сақтау шарттары 250С-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!