Соруға арналған таблеткалар.Құрамы
Бір таблетканың құрамында:белсенді заттар: амилметакрезол - 0.60 мг,2,4-дихлорбензил спирті - 1.20 мг,қосымша заттар: шарап қышқылы, левоментол, жұлдызды анис майы, бұрыш жалбызы майы, Понсо 4R (E 124), Азорубин Эдикол(Е 122), сұйық сахароза (67 %), сұйық глюкоза (80 %), тазартылған су.
Сипаттамасы.Таблетканың екі жағында S әрпі бейнеленген, анис иісі басымырақ, жалпақ цилиндр пішінді қызыл таблеткалар.Ақ өңездің, түсінің біркелкі емес болуына, карамель массасында ауа көпіршіктерінің болуына және шеттерінің аздап тегіс болмауына жол беріледі.Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.АТХ коды R02AA20