«Актовегин» 40 мг/2 мл дозада
Құрамы:1 ампула (2 мл) құрамында белсенді зат ретінде құрғақ депротеинизацияланған бұзау қанының гемодериватының концентраты (құрғақ затқа қайта есептегенде) — 80 мг бар.
Қосымша заттар: натрий хлориді — 53,6 мг, инъекцияға арналған су — 2 мл-ге дейін.
Дәрілік түрінің сипаттамасы:
Мөлдір, сарғыш түсті ерітінді, іс жүзінде бөгде бөлшектерсіз.
Шығарылутүрі:Инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл, әрқайсысы 2 мл препараттан түссіз шыны ампулаларда (I тип, Еуропалық фармакопея), сындыру нүктесі бар.
5 ампуладан пластик контурлы ұяшықты қаптамаға салынған.
Қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге 1 немесе 5 контурлы ұяшықты қаптама картон қорапқа орналастырылады.
Сақтау шарттары:Жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-тан аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.
АТX В06АВ