Стопгрипан-Лимон Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ Дәрілік түрі Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1 саше – пакеттің ішінде белсенді заттар: парацетамол 325 мг, фенирамин малеаты 20 мг, фенилэфрин гидрохлориді 10 мг, аскорбин қышқылы 50 мг, қосымша заттар: сусыз лимоны қышқылы, мальтодекстрин, алма қышқылы, натрий цитраты, кальций фосфаты, сахароза, этилмальтол (тағамдық сұрпы), лимон хош иістендіргіші, титанның қостотығы Е171, бетакаротин. Лимон иісі бар ашық сары түсті ұнтақ. Жүйке жүйесі. Анальгетиктер. Басқа анальгетиктер және антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол, біріктірілімдер, психолептиктерді қоспағанда. АТХ коды N02BE51 21.5 г препараттан қағаздан/алюминий фольгадан/полиэтиленнен жасалған ламинацияланған пакетте. 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! Сақтау мерзімі 3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. Дәріханалардан босатылу шарттары Рецептісіз