Аджисепт® классикалық Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ Дәрілік түрі Соруға арналған пастилкалар Бір пастилканың құрамында белсенді заттар: 2,4-дихлорбензил спирті 1,20 мг, амилметакрезол 0,60 мг, қосымша заттар: қант, сұйық глюкоза, сусыз лимон қышқылы, ментол, Понсо 4R бояғышы (Е124), кармозин бояғышы (Е122), анис майы, бұрыш жалбызының майы, тазартылған су. Дөңгелек, екi бетi дөңес, анис және жалбыз иісі бар таңқурай-қызыл түсті пастилкалар; карамель массасының ішінде елеусіз ауа көпіршіктерінің болуына, бояуы біртекті емес және жиектерінің тегіс болмауына жол беріледі. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар. АТХ коды R02АА20 6 пастилкадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! Сақтау мерзімі 3 жыл Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды. Дәріханалардан босатылу шарттары Рецептісіз