Синтомицин Халықаралық патенттелмеген атауы Хлорамфеникол Дәрілік түрі 10 % линимент 1 г линименттің құрамында белсенді зат - D,L-хлорамфеникол (синтомицин) – 100 мг, қосымша заттар: майсана майы, эмульгатор №1, сорбин қышқылы, этанол, натрий кармеллозасы, тазартылған су. Өзіне тән әлсіз иісі бар, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті линимент Тері ауруларын емдеуге арналған микробқа қарсы препараттар. Сыртқа қолдануға арналған басқа да антибиотиктер АТХ коды D06AX0225 г-дан ішкі лакталған жабыны және ашылуын бақылау жарғақшасы, жарғақшаны тесуге арналған істігі бар, бұралатын пластмасса қақпақпен тығындалған алюминий сықпада. 1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 20 ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! Сақтау мерзімі 2 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. Босатылу шарттары Рецептісіз