1. Негізгі астау (2 дана); 2. Сорпаға арналған тұздық сауыттар/кеселер (кем дегенде 6 дана); 3. Сорпа мен қымыз құюға арналған ожау (шөміш); 4. Ағаш табақ (сорпа/етке арналған шұңғыл ыдыс). Астаудың ұзындығы: 75 см (+/- 2 см); Ені: 30 см (+/- 1 см) пішіні - сопақша, ойылған тұтқалары бар, сыртқы жағы ойылған, ағашь - тал. Сорпаға арналған ағаш кесе (жиынтық құрамында). Көлемі: кемінде 200 мл. Диаметрі: 12-14 см. Биіктігі: 6-8 см. Ағаш - жөке, сыртқы жағы лакпен қапталған, салқын және жылы сусындарға арналған; Ожау: Бүтін ағаштан жасалған (тал). Біртұтас ағаштан массивінен ойылған (тұтқа ыдысқа желімделмеген). Шұңғыл тостағанды бір қабатты ожау. Тұтқасы ұлттық ою-өрнекпен ойылып безендірілген. Тұтқаның соңында ілу үшін тесік немесе ілмегі бар. Беткі жағы тегіс, ойықсыз, сұйықтықтың жоғары температурасына төзімді. Тұтқаның ұзындығы: кемінде 35-40 см. Қақпағы бар ағаш табақ (сорпа/етке арналған шұңғыл ыдыс). Таза қатты ағаштан әзірленген (қайың, тал немесе қарағай); Ішкі кесесі - тот баспайтын болаттан жасалған тостаған. Дөңгелек пішін. Тұрақты негіз. Диаметрі: 33 см, тереңдігі: кемінде 14 см. Желімделген тақтаны қолдануға болмайды. Барлық жиынтық бірдей көркем стильде жасалуы тиіс. Сыртқы қабырғалары мен тұтқаларында ұлттық ою-өрнек ойылған тереңдік болуы керек. Беткі жағы мінсіз тегістелген. Ыстық тамақпен байланысқа қауіпсіз экологиялық таза жабын болуы тиіс. Ағашта түйіндер, жарықтар және ақаулар болмауы тиіс. Температураның өзгеруіне және майдың әсеріне төзімді. «Барлық бұйымдардың (астау, табақ, кесе, ожау) ою-өрнегі бірдей болуы тиіс». CT-KZ сертификатының болуы міндетті.