1. Телефон байланысы қызметтері және олармен технологиялық байланысты қызметтер (бұдан әрі - Қызметтер) «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығымен бекітілген Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
2. Бірыңғай телекоммуникация желісіне шыға отырып, жерасты сым желілері бойынша 14 телефон нөмірін беру.
3. 1 телефон нөмірін беру АТС арнайы шығару (тікелей телефон).
4. Қалааралық телефон байланысы және ұялы операторлардың абоненттеріне қол жеткізу қызметтерін ұдайы ұсына отырып, 1 телефон нөмірін беру (тарифтеусіз тек абоненттік төлем).
5. Шұғыл медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), авариялық (104) қызметтермен және құтқару қызметімен (112) тегін қосылыстарды ұсыну.
6. Телефон желісінің ақылы анықтамалық қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну.
7. ҚІД қызметтерін қосу мүмкіндігі (нөмірді автоматты түрде анықтау, басқа адреске жіберу, қалааралық байланысты ажырату және т.б.).
8. Қалааралық телефон байланысы және ұялы операторлардың абоненттеріне қол жеткізу қызметтерін ұсыну.
9. Қызмет көрсетушi дайындық және монтаждау жұмыстарының барлық көлемiн дербес жүргiзуге тиiс.
10. Жүйенің конфигурациясындағы барлық өзгерістерді, сондай-ақ көрсетілетін қосымша қызметтерді түрлендіруді (қызметтерді көшіру және/немесе қосу, қызмет көрсетудің қосымша түрлері және т.б.) Тапсырыс берушінің жазбаша өтінімі бойынша жүргізуге, бұл ретте осындай қосымша қызметтердің құнын Қызметтер беруші оның тарифтерінде бекітуге тиіс.
Шарт жасасқанға дейiн жеңiмпаз жергiлiктi, қалааралық телефон байланысы қызметтерiн көрсетуге арналған Мемлекеттiк лицензиялардың көшiрмелерiн ұсынуы тиiс.