Тағамдық көкнәр дәні – толық піскен, тазартылған, кептірілген көкнәр өсімдігінің тұқымы. Өнім бөгде қоспаларсыз, қабығы аршылған, механикалық зақымданбаған болуы тиіс. Құрамында бөгде иіс, зең, жәндіктер және олардың дернәсілдері болмауы қажет.
Дәндердің пішіні ұсақ, домалақ, біркелкі. Түсі көкшіл-сұрдан қара-көк түске дейін. Иісі – тағамдық көкнәрге тән, бөтен иіссіз. Дәмі – ащы емес, бөгде дәмсіз. Консистенциясы – құрғақ, үгілмелі, жабыспайтын.
Ылғалдылығы нормативтік талаптардан аспауы тиіс. Өнім адам денсаулығына қауіпсіз, тағамға пайдалануға жарамды болуы қажет.
Маркировка және қаптама
Маркировка және қаптама СТ РК талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Қаптама герметикалық, таза, тағам өнімдеріне арналған болуы қажет.
Қаптамада міндетті түрде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
өнімнің атауы (мак пищевой);
түрі және санаты;
өндіруші кәсіпорынның атауы және мекенжайы;
өндірілген күні (немесе қапталған күні);
жарамдылық мерзімі;
сақтау шарттары;
өнім салмағы.
Сапаға сәйкестік
Өнім сапа сертификатына және/немесе сәйкестік декларациясына сәйкес болуы тиіс. Мерзімі өткен өнім қабылданбайды.
Ілеспе құжаттар
Әрбір жеткізілетін партияға келесі құжаттар қоса берілуі тиіс:
Сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы (жеткізушінің мөрімен расталған);
Сапа сертификаты;
Қауіпсіздік сертификаты;
Өнімнің шығу тегі туралы сертификат (қажет болған жағдайда).
Жеткізу шарттары мен талаптары
Тауар тапсырыс берушінің өтінімі бойынша 10 күнде 1 рет жеткізіледі. Тапсырыс беруші тауардың сапасын визуалды түрде тексеруге, бұзылу немесе техникалық спецификацияға сәйкес келмеу фактісін анықтауға құқылы. Аталған фактілер анықталған жағдайда, жеткізуші жарамсыз немесе талапқа сай келмейтін өнімді 5 (бес) сағат ішінде тиісті сападағы өнімге ауыстыруға міндетті.
СТ РК 2479-2014