Жылу энергиясын есепке алу торабына қызмет көрсетуге техникалық ерекшелік мыналарды қамтиды: - қажеттілік бойынша штаттық жұмыс жағдайын қолдауға бағытталған регламенттік жұмыстарды жүргізу (Жөндеу жұмыстарын қоспағанда); - мұрағаттық деректерді (көрсеткіштерді) алуды жүргізу; - ай сайынғы есепті (жылу энергиясын өткізу актісін) жасау және ай сайын 25-ші күнге дейін жылу энергиясын берушіге тапсыру үшін көрсеткіштерді басып шығару - шарт жасасу үшін лицензияның көшірмесін ұсына отырып, осы қызмет түріне лицензияның міндетті түрде болуы; - білікті персоналдың болуы; - 24 сағат ішінде ақауларды жою (Жабдықты жөндеуді қоспағанда); - журналға деректерді ұсына отырып, күн сайын СТУ жұмысына бақылау жүргізу. Қызмет көрсету орны: Қарағанды қ., Қ. Аманжолов к-сі, 77.